Полицейлер кеңестік құжатпен жүрген азаматқа жаңа құжат рәсімдеп берді
Полицейлер кеңестік құжатпен жүрген азаматқа жаңа құжат рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде Кеңестік төлқұжатпен жүрген азаматтарға қайта құжат рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе бойынша тексеріс барысында Сайрам АПБ көші-қон қызметкерлері Мухаммаджан Сидигалиевтің әлі күнге дейін 1974 жылғы КСРО құжатын қолданып жүргендігін анықтады.
М.Сидигалиев жаңа құжат жасатпау себебін түсіндіріп, ол бұл бойынша қай мекемеге жүгіну, қандай анықтама және ол анықтаманы қайдан алу керектігі туралы білмегендігін айтты.
Өз кезегінде көші-қон қызметкерлері басқа да заңды мекемелермен байланыс жасап, аталған азаматқа арнайы өтініш жазғызды.Нәтижесінде полиция қызметкерлері көп кешіктірмей М.Сидигалиевтің Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын жеке куәлігін өз қолына табыстады.
Ұзақ уақыт бойы бұл төлқұжатты қалай аларын білмеген Мухаммаджан тез арада рәсімдеп берген көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.