Павлодарда бопсалау туралы жалған ақпарат берген тұрғын жауапқа тартылмақ
Павлодарда бопсалау туралы жалған ақпарат берген тұрғын жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Павлодар қаласының тұрғыны зорлық-зомбылық көрсету қаупін төндіру арқылы танысы одан 200 мың теңге көлемінде ақша талап ететіндігі туралы өтінішпен жүгінді. Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында бопсалаудың болмағаны анықталды.
Ал «жәбірленуші» ер адам тергеуді жаңылыстырып, жалған айғақтар берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 420-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Енді ер адам өзінің өтірігі үшін сот алдында жауап беруі керек.