Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Жедел басқару орталығына бір аптада 8 мыңнан астам қоңырау түсті

Шымкентте Жедел басқару орталығына бір аптада 8 мыңнан астам қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-26 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 8164 қоңырау келіп түсті. Оның – 3288 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы 3 қылмыс «ізін суытпай» ашылған.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 802 жайт анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 31 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 47, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 44, жол қозғалысы ережелерін бұзу 627 және өзге де 116 құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру