Қарағанды облысында жыл басынан бері 48 шетелдік ҚР аумағында болу ережесін бұзыпты
Қарағанды облысында жыл басынан бері 48 шетелдік ҚР аумағында болу ережесін бұзыпты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Қарағанды облысының ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 193 шетелдік азаматты тексерді. Оның 18-і көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қарағанды қаласының ПБ -ның қабылдау бөліміне орналастырылды. Кейін олардың барлығы елден шығарылды.
48 шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін хаттамалар жасалды. Қазіргі уақытта облыс аумағында жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын елден шығару мәселесі шешілуде.