Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері еркін жайылымнан 11 қой ұрлап кеткен ер адамды анықтады

Ақмола полицейлері еркін жайылымнан 11 қой ұрлап кеткен ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерейментау ауданының полиция бөліміне Еркіншілік ауылының 29 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың тамыз айында әкесінен еркін жайылымнан 11 қой ұрланғаны туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 қыркүйек Еркіншілік ауылдық округінің криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлардың қатысуымен Еркіншілік ауылының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам жауапкершіліктен қашуға тырысты. Алайда жиналған дәлелдемелердің салмағымен ол өз кінәсін мойындады.

Қаскүнем орман алқабында жүрген қойларды байқаған. 17 тамызда ол қараңғыда қойларды ауылға апарып, сарайына тығып тастаған. Екі күн бойы оларды өз сарайында ұстаған. Жануарларға ешкім келмейтініне көз жеткізіп, оларды жүк автомобилімен Нұр-Сұлтан қаласына алып кетті. Ет бөлумен айналысатын адамдарды жалдап, достары арқылы ұрланған қойдың етін елордалық базарлардың бірінде сатқан.

Тексеру барысында ет өнімдерін сатып алушы, сондай-ақ ұрланған қойларды бөліскен адамдар анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру