Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғыннан 70 келі мыс ұрлаған адам ұсталды

Ақмолада тұрғыннан 70 келі мыс ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйегінде Бұланды ауданының полиция бөліміне 27 қыркүйегіне қараған түні белгісіз тұлға металл базасының қоршалмаған аумағынан 70 келі мыс ұрланғаны туралы Макинск қаласының 28 жастағы тұрғынының арызы келіп түсті. Шығын сомасы 140 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 39 жастағы тұрғын болып шықты, уақытша жұмыс істемейтін Макинск қаласының тұрғыны, металл базасының жанында тұрады. Қаскүнем металды қапқа салып, оны металл базасының аумағынан шығарып, содан кейін елордалық металл қабылдау пунктіне тапсырған. Ұрланған металдың бір бөлігі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру