Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туысының атынан жарты миллионнан астам теңгеге тауарлық несие алған қарағандылық ұсталды

Туысының атынан жарты миллионнан астам теңгеге тауарлық несие алған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 68 жастағы зейнеткер жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу мобильді қосымша арқылы оның атынан 532 мың теңге көлемінде тауарлық несие алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған әйел жәбірленушінің туысы болып шықты. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру