ШҚО полицейлері мал мен ет өнімдерін сату орындарын тексеріп жатыр
ШҚО полицейлері мал мен ет өнімдерін сату орындарын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминогендік жағдайды сауықтыру, алдыналу мақсатында жүргізілетін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде және мал ұрлығының алдыналу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен бірлесіп, аумақтық басқармалар мен ауылшаруашылығы бөлімдері мамандарының қатысуымен ет өнімдерін өткізу және өткізу орындары (базарлар, павильондар, жәрмеңкелер, дүкендер) бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Қылмыстарға жасалған талдау, күзгі кезеңнің басталуымен базарларда, павильондарда, жәрмеңкелерде және басқа жерлерде «заңсыз» ет өнімдерін сату фактілерінің саны артқанын көрсетті. Мұндай жерлерде ұрланған малдың еті саудаланып жатады.
Өткен демалыс күндері криминалдық полиция қызметкерлері, ветеринарлармен бірлесіп Өскемен және Семей қалаларының ет сату орындары және ет тасымалдаған 52 автокөлік тексерілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзудың 16 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерлермен қылмыстық жолмен алынған өнімді сатып алғаны үшін, сондай-ақ ет өнімдерін өткізетін адамдармен қылмыстық жауаптылық туралы, тиісті құжаттарды рәсімдеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мал ұрлығының алдын алу және ашу жұмыстары жалғасуда.