Модульдік бекетте кезекшілікте болған Петропавл полицейлері қылмыс жасаудағы күдіктілерді ұстады
Модульдік бекетте кезекшілікте болған Петропавл полицейлері қылмыс жасаудағы күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда заманауи екі модульдік полиция бекеті қоғамдық тәртіпті сақтауда. Олар қалалық саябақ пен ірі сауда орталығының жанында орналасқан. Бейнебақылау және бүкіл байланыс құралдарымен жабдықталған модульдер қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы кезекшілік етуге мүмкіндік береді.
12 сағаттық ауысымға түсетін Петропавл қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұзақылықтың және іргелес аумақта алкогольдік ішімдікті ішу фактілерінің алдын алуға, тұрғындарға көмек көрсетуге бағдарланады. Кезекшілікте болатын қызметкерлер тұрғындардан келіп түсетін түрлі мазмұндағы қоңырауларды қабылдайды. Қыркүйек айында модульде кезекшілікте болған қызметкерлер тонауды ашуға көмектесті. Сағат 18.00 шамасында “102” пультіне қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Белгісіз біреулер оның шағын қол сөмкесін тартып алғанын айтты.
Қызметкерлер іргелес аумақты тексеру кезінде Парковая көшесінен Қазақстан Конституциясы көшесіне шыққан күдіктілерді ұстап, оларды автопатрульге тапсырды.
Автономды модульдік бекеттер адамдарға ыңғайлы болу үшін құрылған және полицияның ашықтығы пен қолжетімділік принциптерін іске асырудағы әдіске айналып отыр. Дәл осы принциптер Солтүстік Қазақстан облысының барлық аумақтық полиция бөлімдерінде жұмыс істеп жатқан 17 фронт-офис жұмысының басым бағыттары болып табылады.
– Карантиндік шектеулерге байланысты олар ағымдағы жылдың сәуір айында жұмысын қайта жандандырды. Осы уақыттан бері 3503 өтініш қабылданды. Оның ішінде 1028-і – полиция бөлімшелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты болды, 619-ы – сотқа дейінгі тергеу мәселелеріне байланысты. 225 жағдайда адамдар заңнама бойынша түсініктемелер алды. Өзінің тиімділігін көрсеткен жаңа жұмыс форматтары полиция қызметінің сервистік моделге көшуінің маңызды бөлігі болып табылады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев.