Ақмола полицейлері “Іздестіру” арнайы операциясын қорытындылады
Ақмола полицейлері “Іздестіру” арнайы операциясын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында полицейлер алты күн ішінде 14 қылмыскерді ұстады, олардың жетеуін жақын шет елдерден әріптестер іздестірді.
25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында “Іздестіру” арнайы операциясы жүргізілді, оның мақсаты –қылмыскерлерді, оның ішінде мемлекетаралық іздестірудегі қылмыскерлерді ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтау.
Жедел құрылым қызметкерлері алты күн ішінде 14 қылмыскерді, оның ішінде ауыр санаттағы, мүліктік сипаттағы, алаяқтық, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасаған адамдарды ұстады.
Мәселен, 29 қыркүйекте Көкшетау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының 27 жастағы азаматын ұстады, ол екі жыл бойы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-1-бабы 4-бөлігі “г”-тармағы (Есірткі құралдарының заңсыз айналымы) бойынша қылмыс жасағаны үшін Омбы қаласы бойынша Ресей ІІББ іздеуде болған.
Полицейлер анықтағандай, ер адам сол өңірдегі туыстарында жасырылған.
Сондай-ақ Атбасар ауданының аумағында РФ ҚК 159-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасағаны үшін Ресей Ішкі істер министрлігі Ярославль облысы бойынша басқарма іздестіріп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы, қылмыскер ұсталды.
Сонымен қатар, ақмолалық жедел уәкілдердің және Ресей Федерациясындағы әріптестерінің тиімді ынтымақтастығының арқасында Ресей ІІМ Волгоград облысы бойынша ҚБ қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін 9 жыл бойы іздеуде жүрген Есіл ауданының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта 37 жастағы ұсталған адам Ресей Федерациясының Волгоград облысы бойынша тергеу изоляторына қамалды.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында хабар-ошарсыз кеткен өңірдің 4 тұрғынының орналасқан жері анықталды. Жыл басынан бері ақмолалық жедел уәкілдер 53 қылмыскерді іздестірді.