Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер мереке қарсаңында ардагерлерді құттықтады

Түркістандық полицейлер 1-қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында 1-қазан – Халықаралық қарттар күні болып жарияланған болатын. Содан бері бұл мереке біздің елімізде де жыл сайын тойланып, қарттарға арнайылап құрмет көрсетілуде. Тіпті еліміздегі полиция қызметкерлері тарапынан ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат жасау жылдан-жылға дәстүрге айналып келеді.

Осы орайда биылғы жылғы қарттар күні қарсаңында Түркістан облысы ПД бастамасымен қалалық, аудандық бастауыш ардагерлер ұйымынан 13 зейнеткер арнайы марапатталды. Бұл шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Атап айтсақ іс шара барысында Созақ ауданы, Шолаққорған елді-мекенінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері Талас Қожабаев, Дәуірбек Елібаев және ардагер полиция полковнигі Сағидулла Жұматаевпен кездесу өткізді. Кездесуге Созақ АПБ және Қазығұрт АПБ жас мамандары қатысты.

Жиын барысында ардагерлер қызмет атқарған уақытта бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын баяндап, жас полицейлерге ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кездесуге шақырылған қарттарға қызметкерлер арнайы құрмет көрсетіп, облыстық ардагерлер кеңесі мен жергілікті полиция бөлімі басшылары тарапынан жасалған сый-сияпаттарын тарту етті.Кездесу соңында ақсақалдар қызметкерлерге батасын беріп, ақ жол тіледі.

Қарттарды құттықтау іс-шарасын әрі қарай ардагерлер кеңесінің төрағалары жалғастырды. Олар яғни облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев пен төраға орынбасары Бақытжан Сансызбаев бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері Шаймерден Айтпанбетовтың, Сайдулла Масадиковтың және Дүйсенбай Сәрсеновтың тұрғылықты мекен-жайларына арнайы барып құттықтады. Оған Түркістан облысы ПД және ардагерлер кеңесі тарапынан арнайы құттықтау хат пен қаржылай сый-сияпаты табысталды. Бұдан бөлек дәл осындай арнайы құттықтау мен қаржылай сыйақыны Мәдәлі Мұқанов және Сайрам ауданындағы ардагер Шамурат Мұсаметов иеленді.

Сонымен қатар аудандарда, ауылдарда тұратын ардагерлер кеңесінің жеті бірдей мүшесіне басшылық тараптардан қаржылай сыйақылар тағайындалып, қазіргі уақытта олардың банк есеп шоттарына түгел аударылды.

Қариясы бар ел – қазыналы ел. Ендеше қарттарымыздың ұзақ ғұмыр кешіп, қазынамыздың ортаймауын тілейміз! Еліміздегі қарттар мен қарияларға құрмет көрсету, оларды ұлықтау біз үшін парыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру