Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД мұражайында Қарттар күніне орай мерекелік шара өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мұражайында Қарттар күніне орай мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш шараның мақсаты – үлкенді сыйлау, жас мамандарды инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. “Қарты бар үйдің қазынасы бар” демекші, бұл күн 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз “Қарттары бар елдің – қазынасы бар” деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салт. Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек.

Ведомство мұражайына келген Ішкі істер органдарының ардагерлерін департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев мерекемен құттықтады.

Еліміздің тыныштығын сақтауға, сондай-ақ өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға қосқан үлестері үшін Джумабаев Хожахмет, Куандыков Жумагали, Мастеков Алпысбай, Маматов Хамит, Овчинников Валерий, Урбисинов Амангельды, Гутенев Николай, Шлекенов Мухамедьяр, Веревкин Юрий, Нурманов Едилхан, Қошақбаев Жақсылық, Бокун Александр, Аймуханов Жақсылық, Измаилова Галина, Туляев Смагул, Мухамбеталиев Кабдолла, Самсакова Тамара, Новрузов Эзберген, Горюнова Зинаида, Ергазиев Алтай, Усенгалиев Парахат, Жумаханов Алдаберген, Изтелеев Джайлхан, Ихсанов Сарсекен, Рыскалиев Абил, Коскулаков Темирбек, Макашов Жаукен, Жумабаев Аскар, Қилыбаев Қонарбай сынды ардагерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Өз сөзінде өңірдің бас полицейі тәуелсіз мемлекеттің құру жолында аянбай еңбек етіп, жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, қолдау көрсетіп отырған қарттарға алғысын білдірді.

Ардагерлер де өз ризашылықтарын айтып, батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру