Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды
Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қазан Түркістан қаласында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.
Полицейлердің анықтауы бойынша Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы мен Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолында «КамАЗ» маркалы жүк көлігі мен «Toyota Сamry», «RAVON», «Daewoo Nexia» маркалы көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен емханаға жатқызылған.
Аталған жайт бойынша «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бүгінде тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды!
Сондай-ақ құрметті жүргізуші: жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, бағдаршамның түсіне баса мән беріп, жол ережесіне мұқият болыңыз!