Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлығын жасаған қызылордалық ұсталды

Велосипед ұрлығын жасаған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйек күні қала тұрғыны көпқабатты үйдің подъезінде тұрған велосипедін ұрлап кеткені туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.

Қараусыз тұрған велосипедті белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде велосипед ұрлаған облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынды.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру