Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жөндеудегі пәтерден бетон араластырғышты ұрлағандар ұсталды

Саран қаласында жөндеудегі пәтерден бетон араластырғышты ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда 40 жастағы әйел Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, пәтерден белгісіз біреулер бетон араластырғышты ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, жәбірленуші пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Түнде бөлмені құрғату үшін терезені ашық қалдырған. Белгісіз біреу осы жағдайды пайдаланып, пәтерге кіріп, бетон араластырғышты ұрлап кеткен.

29 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді, 25 жастағы екі ер адамды ұстады.

Олар қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру