СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар дін өкілдерімен кездесті
СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар дін өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің оңалту қызметі құрылды. Құрылған қызмет өз қызметін азаматтық теологтармен, жергілікті имамдармен және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүргізеді. Негізгі міндет – деструктивті культтер мен діни экстремизм фактілері бар мекемелерде дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуының алдын алу болып табылады.
СҚО әйелдер колониясында «Қызыл-Жар» мешітінің имамы Қасымхан Исаевпен кездесу және әңгімелесу ұйымдастырылды. Діннің отбасындағы рөлі, сондай-ақ ислам ағымының дұрыс пастулаттары талқыланды.
Тұрақты негізде сотталған әйелдерге Құранды дұрыс түсіндіру, дін саласында білімі мен білігі бар адамдардан білім алу өте маңызды екендігі туралы айтылады. Аудитория өте риза болды, қызықтырған сұрақтарға барлық жауаптар берілді. Өз кезегінде сотталғандар имамға берілген уақыты мен пайдалы әңгімесі үшін алғыс айтты.