«Арзан ипотека рәсімдеп беремін»: Атырауда алаяққа алданған 4 азаматша 2 млн теңгесінен айырылды
Атырауда алаяққа алданған төрт азаматша екі миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық полицейлер 2019 жылы 4 азаматшаның сеніміне кіріп, ипотекаға үй рәсімдеп беремін әрқайсысынан 500-600 мың теңге алып, кері қайтармаған 48 жастағы азаматшаны анықтап ұстады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.