Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ізін жасырмақ болған 3 қылмыскерді ұстаған жылыойлық полицейлер марапатталды

Ізін жасырмақ болған үш қылмыскерді ұстаған жылыойлық полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласында полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, ізін жасырып, қашып кетпек болған үш қылмыскерді қызметтік көлікпен жолын кесіп ұстаған жылыойлық полиция қызметкерлері қызметтік борыштарын атқаруда көрсеткен қайсарлығы мен ерліктері үшін Атырау облысы департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында департамент бастығының орынбасары Әділхан Байдосов ПД ППР қызмет инспекторы Қуат Райымбек Бекболатұлы, Жылыой АПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы Жайық Қойбасовқа марапаттарды табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру