Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық көлік ерекше назарда: Павлодар облысында 70 бұзушылық фактісі анықталды

Павлодар облысында 70 бұзушылық фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін бұзатындығын көрсетті.

“Автобус” жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы тәулігінде Павлодар облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 70-ке жуық фактісін анықтады.

Мәселен, 27 жүргізуші ұялы телефонды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 26 адам жазаланды, автобустардың жеті жүргізушісіне қатысты көлік құралдарын техникалық байқаусыз жүргізгені үшін хаттама жасалды, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың үш фактісі анықталды, үш автобус айып тұрағына қамалды.

Мысалы, Павлодар қаласында жүргізушісі өзімен бірге құқық белгілейтін құжаттары жоқ “Mercedes-Benz” маркалы маршруттық автобус тоқтатылды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. “Mercedes-Benz Sprinter Classic” автобусының тағы бір жүргізушісінде протектор үлгісінің қолайсыз биіктігі бар шиналар орнатылған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Тағы бір қоғамдық көлік полицияның назарына түсті.

Тәртіп сақшылары “Mercedes-Benz” автобусын тоқтатты, оның алдыңғы әйнектеріне көріністі шектейтін пленка тағылған. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі бойынша материал құрастырылды.Бұдан басқа, Ақсу қаласында қалалық автобус паркін тексеру кезінде техникалық ақаулары бар және пайдалану ережелерін өзге де бұзушылықтары бар көлік құралдарын пайдалануға бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы 1-бөлігі бойынша автобус паркінің бас механигі тартылды.

Павлодар облысының Полиция департаменті жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерге өздері үшін ғана емес, сондай-ақ жолаушылардың және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті үнемі есте сақтауы және ұғынуы тиіс екенін еске салады.
Жолаушылар көлігі жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 13 қазанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру