Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғындар ұсталды
Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғындар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қазан күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда облысы ПД Арал аудандық полиция бөліміне “ОХОТЗООПРОМ ӨБ” РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түскен.
Онда Қаратерең ауылы маңында “ОХОТЗООПРОМ ӨБ” РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерімен Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында 46 жастағы азаматтың басқаруындағы Niva автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен.
Тексеру барысында автокөлік ішінен 3 аңшы мылтықтары мен 22 қасқалдақ, 68 дана үйрек анықталған.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 46 жастағы, 55 және 52 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Арал аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.