Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында гашишті заңсыз сатқаны үшін алкоголь өнімін сатушы ұсталды

Ақмола облысында гашишті заңсыз сатқаны үшін алкоголь өнімін сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың астана маңындағы ауданының 39 жастағы тұрғыны, сауда үйлерінің бірінде алкоголь өнімдері бөлімінде сатушы болып жұмыс істеген кезде ұзақ уақыт “гашиш” есірткі заттарын қолданғаны анықталды. Бір сәтте ол өзінің “қызығушылығын” және жұмысын біріктіріп, жұмыс орнында есірткі сатуды ұйғарды.

Ер адам өз ойын жүзеге асыруға шығармашылықпен қарады. “Өнімді” тек кұпия сөзді айтқан адамдарға сатты.

Құймалы алкогольді ішімдіктердің сатушы бола отырып, кұпия сөзге өзіне тән сөзді таңдады: ешқашан құйылмайтын өнімнің атауы. Сырттан бәрі қарапайым болып көрінді, бірақ айырмашылықты “білгендер” ғана түсінді.

Бес грамнан астам гашишті өткізудің осындай сәттерінің бірі есірткі полициясымен құжатталған.

2021 жылғы 2 қазанда Ақмола облысы прокуратурасының іс-қимылын үйлестіру кезінде есірткі сатушыны ұстау жүзеге асырылды. Жұмыс орны бойынша санкцияланған тінту барысында құрамында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы заты бар полиэтилен түйіншек табылды және алынды. Сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша қылмыстық іс басталды. Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстау таңдалды. Баптың санкциясына сәйкес, ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру