Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында бөтеннің көлігін соғып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Атырау облысында бөтеннің көлігін соғып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйек күні сағат 15:58 шамасында Атырау-Еркінқала тас жолында орналасқан кәсіптік нысандардың бірінің тұрағында маркасы Ford Focus көлік құралын мемлекеттік белгiсi белгiсiз Ваз-21150 көлігі соғып, белгiсiз жаққа кетіп калғаны жөнінде хабарлама түсті. Патрульдік полиция қызметкерлерiмен күдiктi көлікті iздестiру жұмыстары жүргізілiп, сол айналадағы бейнекамералармен күдiктi Ваз-21150 көлiгiнiң мемлекеттік белгісі анықталып, кейін жүргiзушiсi 32 жастағы азамат екенi белгiлi болды.

Оған қатысты тиісті iс-құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нiң 610-бабы 3-бөлігімен жүргізу куәлiгiн оқымаған күйде көліктi басқарып, 611-бабы 3-бөлiгiмен жол-көлік оқиғасын жасап, iшкi iстер органдарына хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін хаттама толтырылып, әкiмшiлiк сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру