Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда полицейлер жарық шамын қоспай жүрген тракторды айыптұраққа қойды

Жетісайда полицейлер жарық шамын қоспай жүрген тракторды айыптұраққа қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша күзгі терім науқанына байланысты түрлі техникалық жүк көліктері, комбайндар мен түрлі тракторлардың жолға шығуына байланысты жолда орын алатын түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жол бойындағы  тексерістер күшейтілуде. 

Атап айтар болсақ, Жетісай ауданы ПБ қызметкерлері тұрақты түрде жүргізіп отырған рейдтік жұмыстары барысында түнгі сағат 22:30 шамасында Жетісай аудан көшелерінің қиылысында трактор тіркемесінің ешқандай жарық шамынсыз жүргендігін байқады. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты жол жүріс ережесінің негізгі қағидаттарын бұзған тракторды  айыптұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру