«Ақшаны көбейтіп беремін»: Шымкентте полицейлер алаяқтық жасаған әйелді құрықтады
Шымкентте полицейлер алаяқтық жасаған әйелді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматшаның қылмысын әшкереледі.
Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында WhatsApp желісінің парақшасы арқылы екі күнде салған ақшаларыңызды 30 пайызға көбейтіп беремін деп, алаяқтық жолмен 50 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.
Әл-Фараби АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Қазіргі уақытта күдікті азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.