Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық сотталған жастарға медиа-тренерлер мастер-класс өткізді

Медиа-тренерлер түркістандық сотталған жастарға мастер-класс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала жастарымен және қалалық пробация қызметінің есебінде тұрғандармен кездесіп, атқарылатын жұмыстар және алдағы атқарылатын жоспарлармен таныстырды.

Кездесуге арнайы қатысқан атақты медиа-тренерлер түркістандық жастарға өз бастамаларымен шеберлік сабақтарын ұсынды. Атақты журналист Динара Сәтжан – жеке брендті қалыптастыру жайын түсіндірсе, экономист Дәулет Төлеутайұлы – қаржылық сауат, баспана алудың тиімді жолдарымен бөлісті, психолог Айя Нұрдәулетқызы отбасы және жеке орта бойынша білімдерімен бөлісіп, жастарға бірқатар кеңестер берді.

– Бүгінгі кездесу – жастарымызға жаңа қырын ашуға мол мүмкіндік деп білемін. Заман көшіне ілесу үшін, әрине, үздіксіз даму керек және жастарымыз бұл бағытта биік жетістіктерге жетеді деп сенемін, – деп Нұрбол Тұрашбеков.

Шара соңында Түркістан қаласындағы пробация қызметінің инспектор-психологы Ақмарал Бекбай тіркеуде тұрған жасөспірімдерді көне шаһар жастары үшін арнайы ұйымдастырылған ашық мастер-классына алып келді.

– Әрине, жасөспірімдердің жастайынан қылмысқа барып, құқық бұзушылыққа барғаны қынжылтады. Дегенмен де, әрбір адамның тағдыры әртүрлі болады. Қылмысқа баратын жастардың басым бөлігі –  отбасында дұрыс тәрбие алмағандар. Қарап отырсаңыз, бірінің ата-анасы ішімдікке салынса, енді екіншісінің әке-шешесінің бірі сотты болған. Тағы бір айта кететін жайт, бала отбасының мейіріміне, жылуына, ыстық-ықыласына, қолдауына бөленбегендіктен ашушаң, ызақор болып өседі. Пробация қызметіне тіркелген жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында оларды осындай шараларға алып келеміз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспектор-психологы Ақмарал Бекбай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру