Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетті
Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы Асқар Егембердиев пен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Перизат Маймақова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, зардап шеккен әйелдерге құқықтық көмек беріп, сондай-ақ “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы”Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқықбұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқықбұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.