Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында дүкенде сөмке ұрлаған үшеу ұсталды

Қызылорда облысында дүкенде сөмке ұрлаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазан Қармақшы аудандық полиция бөліміне Жосалы кентінің тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, сағат 17:30 шамасында кенттегі дүкендердің бірінде оның алтын бұйымдары мен 258 мың теңгесі бар сөмкесін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге үш жүз мың теңгеден астам залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары аясында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олар 33 жастағы Байқоңыр қаласының тұрғыны, 28 жастағы және 21 жастағы аудан тұрғындары болып шықты. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Айғақ заттар алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру