Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас күйде рульге отырған ГАЗ жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде мас күйде рульге отырған ГАЗ жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы аумағында 4-13 қазаны аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

6 қазанында сағат 17:00-де Ақтөбе қаласындағы Жиенбаева көшесіндегі №71 орта мектепке қарама-қарсы жерде патрульдік полиция қызметкерлері жолаушыларды тасымалдайтын ГАЗ 322132 автокөлігін тоқтатты, құжаттарды тексеру кезінде 66 жастағы жүргізушінің мас күйінде болғаны, сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны анықталды.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін ГАЗ 322132 жүргізушісі 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.Сонымен қатар, үш күн ішінде «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген 495 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 106 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 84 жүргізуші, ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 67 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру