Павлодарда ЖҚЕ бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Павлодарда ЖҚЕ бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазанда патрульдеу кезінде полицейлер Peugeot маркалы микроавтобусын анықтады, оның жүргізушісі қиылыста оңға бұрылған кезде жарық көрсеткішімен сигнал бермеген.
Тәртіп сақшылары бұл көлікті тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық әңгіме жүргізді. Онда ЖҚЕ сақтау және қозғалыстың басқа қатысушыларына көрсеткіштермен сигнал беру қажеттілігі түсіндірілді.
Келесі осындай тәртіп бұзушы сол күні сағат 14:55-те Толстой көшесінде ұсталды. Жүргізуші фараларды қоспады. Полицейлер ҚР ӘҚБК 602-бабының 1-бөлігіне сәйкес ескерту шығарды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл бұзушылық үшін 7 мыңға жуық автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.