Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық тұрғын төбелес кезінде қарсыласын пышақпен жарақаттады

Оралдық тұрғын төбелес кезінде ер адамды пышақпен жарақаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласындағы Қонаев ықшам ауданында орналасқан кафелердің бірінде екі келушінің арасында жанжал басталғаны туралы “102” арнасына хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның орын алуына жол бермеді. Мас күйінде төбелескен тұрғындар арасындағы жанжалдың себебі анықталуда.

– Оқиға орнына жедел келген полиция қызметкерлері 37 жастағы азаматтың кеуде тұсына пышақпен соққы тигізген 45 жастағы күдіктіні ұстады. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Дене жарақатын салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру