Шымкент тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты
Шымкент тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында әйел адам мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз ақша алып беремін деп, 140 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.