Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” іс-шарасы: Шымкентте 728 құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 728 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында республикалық “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары төрт күн ішінде жолаушылар автобустарының жүргізушілері жасаған 728 құқық бұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда, іс-шара барысында маневр ережесін бұзған – 56, ұялы телефон пайдаланған – 225, техникалық байқаудан өтпеген 61 тұлғаға хаттама толтырды. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 70, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 36, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 62, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген – 12 жүргізуші анықталды.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара 13 қазанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру