Талғар тұрғыны кептірілген марихуананы заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқан
Талғар тұрғыны кептірілген марихуананы заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талғар аудандық ПБ-на Нұра ауылының тұрғыны 53 жастағы К.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түсті. Ол Қазақстан Республикасының аумағында есірткі құралдарын сатуға тыйым салынғанына және заңмен жазаланатынына қарамастан, есірткі заттары – кептірілген марихуананы заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Есірткі заттарын өткізуді құжаттандырғаннан кейін, 4 қазанда Алматы облысы ЕҚКБ мен Талғар АПБ ЕҚКТ жедел уәкілдері Талғар АПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі А.Сералиевтің басшылығымен К. есімді азаматты ұстады.
Соңғының тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде Нұра ауылында өсімдік тектес зат табылды, жасыл түсті, белгілі бір иісі бар, оны сот сарапшылары марихуана есірткі деп таныды. Ер адам күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.