Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның көші-қон полицейлері заңсыз еңбек етіп жүрген 7 шетел азаматын анықтады

Түркістанның көші-қон полицейлері заңсыз еңбек етіп жүрген жеті шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық полицейлер Түркістан қалалық прокуратурасымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында қадағалау жұмыстарына кірісті. Осыған орай көші-қон қызметінің полицейлері тұрғын үйлерге, құрылыс нысандары мен сауда орталықтарында еңбек етіп жүрген азаматтарға тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде «Азиз» базары мен «Жаңа қала» мөлтек ауданы аумағында заңсыз жұмыс жасап жүрген жеті шетел азаматын анықтады. Олар Өзбекстан мен Түркия республикасының азаматтары болып шықты.

Анықталған адамдарға полицейлер ӘҚБтК 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша шара қолдану мақсатында тиісті құжаттарды жинақтап, сотқа жолдады.

Сондай-ақ заңсыз жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс беруші тараптан екі азаматқа қатысты ӘҚБтК 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік шара қолдану үшін, құжаттар тиісті орындарға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру