Қарағанды тұрғыны тергеушіге кәсібилігі үшін алғысын білдірді
Қарағанды тұрғыны тергеушіге кәсібилігі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына Қарағанды қаласының тұрғыны Ержан Ораловтан хат келіп түсті.
– Мен Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Нұргүл Жүнісоваға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Ол меншік құқығына құжаттары жоқ адамға берілетін жеке үйдің меншігіне қатысты сұрағыммен айналысты. Демалыс күніне қарамастан, тергеуші мені қабылдады. Сонымен қатар, ол өзінің кәсіби шеберлігін айғақтайтын зейін мен сыпайылықты, заңнаманы жақсы білетіндігін көрсетті. Бұл полиция қызметкерінің анық және ұйымдасқан жұмысын атап өтпеу мүмкін емес, – деді ол.