Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда онлайн режимде “Жол қозғалысы жас инспекторларының” слеті өтті

Қостанайда онлайн режимде “Жол қозғалысы жас инспекторларының” слеті өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазан күні Қостанай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі және қалалық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен онлайн режимде Skype арқылы Қазақстан және Ресей Федерациясы “Жол қозғалысы жас инспекторларының” слеті өтті. Телемостқа Қостанай облысының №21, №23, №16 орта мектептерінен және көршілес елдің Челябі облысынан барлығы 6 команда қатысты.

– Аталған іс-шарада әр командада 10 оқушыдан 30 адам қатысты. Басты мақсаты – балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы балалар жарақатына жол бермеу. Жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін ескеруді насихаттауға, жол қозғалысы жас инспекторларының жұмысын жетілдіруге бағытталған, – дейді Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Джумагулова.

Жергілікті жол қозғалысы жас инспекторлары жасағының белсенділері арнайы киім үлгісінде алғашқы медициналық көмек көрсету, жол қозғалысы ережелері және жолдағы тәртіп туралы көріністер көрсетті. Ал ресейлік команда өз елдеріндегі осы бағыттағы қызмет туралы білімдерімен бөлісті.

Слет соңында ПД Жергілікті полиция қызметі қостанайлық жас инспекторлар жасағына сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру