Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қонақ үйде шу шығарған екі ер адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында қонақ үйде шу шығарған екі ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауылында полицияға жол бойындағы қонақ үй әкімшілігі таңғы сағат 05:00-де мас күйінде болып, қонақ үй нөмірлерінде шу шығарып, басқа тұрғындардың демалуына кедергі келтірген екі шулы тұрғынды тыныштандыру туралы өтінішпен жүгінді. Олар әкімшінің ескертуіне жауап бермеді, сонымен бірге соңғысына дөрекі сөйлеп, балағаттап, әдепсіздік танытты.

– Шақыруымен келген тәртіп сақшылары аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы және 434-бабының 1-бөлімі (Тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Тыныштықты бұзғаны үшін осы қонақтарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материалдарды Ертіс аудандық соты қарады. Сот қаулысымен екі құқық бұзушы 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Жыл басынан бері полицейлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 964 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартты. Түнде шу шығаруды ұнататындар – 3 289 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру