Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы екі ер адамды есірткімен ұстады

Маңғыстау полициясы екі ер адамды есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 қазанында сағат 22.43 шамасында Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында полицейлер 20 жастағы жігітті ұстады. Белгілі болғандай, оның қалтасынан салмағы екі грамнан асатын “марихуана” есірткі заты табылған.

Сол күні, біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары тағы бір адамды анықтап, ұстады.

Сол Басқұдық ауылында 58 жастағы тұрғыннан жалпы салмағы 3,05 гр “марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Криминалдық полиция қызметкерлері есірткілерді тәркіледі. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын жалпы қоғамдық мәселелерден тыс қалмауға, есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Есірткінің заңсыз айналымына және оған қатысы бар адамдар туралы ақпаратқа байланысты мәселелер бойынша жедел желі телефонына 8-777-289-54-80 нөмірі бойынша (WhatsApp қосымшасы тәуліктің кез келген уақытында) хабарласа аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру