Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицей баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Ақмолалық полицей баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 қазанында кешкі сағат шамамен 20:30-да Зеренді ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Дәулетхан Матаев “Участок” жедел алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік пункттерінің және учаскелік инспекторлардың жұмысын тексерді. Атбасар-Көкшетау автожолының 28-ші шақырымында полицей жол жиегінде жүргізушісі бір нәрсеге қатты қобалжып, алаңдап отырған ГАЗель маркалы автокөлікті байқап қалды. Полиция қызметкері не болғанын анықтау үшін тоқтаған кезде, ер адам одан көмек сұрады.

Жүргізушінің көлігінде жедел медициналық көмекке мұқтаж 10 айлық сәби бар екені белгілі болды. Қыз ойыншықтың магниттік бөлігін жұтып қойған, ол баланың тыныс жолдарында тұрып қалған. Баланың жағдайы минут сайын нашарлап, дем алуы қиындай берді.

Ата-анасы қызды облыстық балалар ауруханасына өз бетінше жеткізуге тырысты. Өкінішке орай, олардың көлігі жолда бұзылып қалыпты, тас жолда өтіп бара жатқан көліктер де өте аз және тоқтамаған.

Қымбат минуттарды жоғалтпай, полиция қызметкері анасымен бірге қызын көлікке отырғызып, жарқылдауық маяктарды қосып, әйелді баласымен бірге облыстық ауруханаға 15 минут ішінде жеткізді.

Қыз жағдайы жақсарғанға дейін 4 сағат реанимацияда өткізді және ол жалпы палатаға ауыстырылды. Полиция қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында сәбидің өмірі мен денсаулығына қазіргі уақытта қауіп төніп тұрған жоқ.

Сәбидің ата-анасы полицияға көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру