Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаменті 9 айдың жұмысын қорытындылады

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінде Жедел кеңес өтті. Кеңесте 2021 жылдың 9 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңесте сала басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларының орындалу барысы және атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.
ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша Полиция департаментімен нәтижелі жұмыс атқарылуда.

Басты міндет – сапалы қызмет, халықпен етене жақын болып, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау. Полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпті нығайту жолында аянбай еңбек етуде.

Жалпы облыс көлеміндегі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстардың алды алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған бұл шаралардың нәтижесінде қылмыс саны азайды. Осы мерзімдегі жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы туралы Департамент бастығының бірінші орынбасары Шамшидин  Амитов баяндама жасады. Спикер жуырда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде министр Ерлан Тұрғымбаевтың басшылығымен өткен алқа отырысында берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді. Оның ішінде жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қызметтерінде бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыру, бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесін белсенді қолдану, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған шаралар туралы Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев баяндады.

Келесі мәселе жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қайырбай Сарбайсалов есеп беріп, баяндама жасады. Қызметкерлер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесу мәселелері қаралды.

Бүгінгі кеңес барысында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер де кеңінен талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бағытында нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру