Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автобус» іс-шарасы: Ақтөбеде 1740 бұзушылық тіркелді

Ақтөбеде поицейлер «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолаушылар автокөлігінің жүргізушілері жол берген 1740 бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың 4-13 қазан аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Жолаушылар мен жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуына, автобустың техникалық жай-күйіне және олардың конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкестігіне, автобус жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық және техникалық тексеруден өтуіне және т. б. ерекше назар аударылды.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жолаушылар автокөлігінің жүргізушілері жол берген 1740 бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 4 фактісі. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзудың 17 жағдайы анықталды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 458, жылдамдық режимін асырғаны үшін 73, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 314 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ такси жүргізушілерімен жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 17 фактісі анықталды.

Бұдан басқа, көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлғалардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген талаптарды орындамағаны үшін 15 лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру