Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жігітті тонап кеткен ер адам ұсталды

Ақтөбеде ер адам жігітті ұрып-соғып, 10 мың теңгесін тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Тонау | 2:25 – 3:35)

Полицейлер бірден шабуылдаушыны іздеуге кірісті. Олар осы қылмысқа күдікті жергілікті тұрғынды ұстады.

– 31 жастағы бұрын сотталған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Орын алған қылмыс бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деді учаскелік полиция инспекторы Айбат Қоянбай.

Бұл іс бойынша “Тонау” бабымен тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру