Ақтөбеде мас жүргізуші жол апатын жасап, қашып кетті
Ақтөбеде мас жүргізуші жол апатын жасап, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 қазаны сағат 02:30 шамасында Мясоедов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2115» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған кінәліні анықтауға және ұстауға барлық жеке құрам жұмылдырылды. Көліктің артынан ерген сәтте «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші мас күйінде болған.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті мас және есірткілік күйде жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.