Қызылордалық полицейлер кезекті алаяқты қолға түсірді
Қызылордалық полицейлер кезекті алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, бір әйел кісі шілде айында ақшанды еселеп беремін деп алдап, қармағына түсірген. Салған ақшаң апта сайын көбейіп қайтарылатын болады деп сендіріп, 300 мың теңгесін алып, қайтармай қойған.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Ол 27 жастағы қала орталығының тұрғыны екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.