Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 10-нан астам шетелдікке айыппұл салды

Түркістандық полицейлер 10-нан астам шетелдікке айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 11-18 қазан күндері аралығында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қарқынды қызмет жасап, құқық бұзушылықтарды анықтады. Негізінде іс-шараның басты мақсаты – көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.

“Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасында Арыс ауданында 12 Өзбекстан елінің азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыппұл салынды.
Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру