Шымкент полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады
Шымкент полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазан күні Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында үйінің ауласында жүрген құны 80 000 теңге тұратын «Лабрадор» тұқымды күшігін белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрланған күшік иесіне қайтарылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.