Таразда 13 сотталған қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны үшін қамаққа алынды
Таразда 13 сотталған қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны үшін қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде есебіне алынған 13 сотталған сот жүктеген міндеттерін орындамай, қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны үшін қамаққа алынды.
– ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, жазасын қоғамдық жұмыстар арқылы өтейтін сотталғандар тарапынан жалтару әрекеттері жалғасуда. Сотпен жүктелген міндеттерін орындамаған әр сотталған заңды түрде жазаланатын болады, — деп атап өтті №3 пробация бөлімінің бастығы Қуаныш Халық.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде қоғамдық жұмысқа тартылған 6 сотталған жазасын өтеуде. Барлық сотталған өздерінің тұрғылықты жері бойынша жазаларын өтеуде және жергілікті жерлердегі әкімшілікпен белгіленген аймақтарда тазарту жұмыстарына жұмылдырылған.