Түркістан облысында заңсыз мал тасымалдаған 2 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама түзілді
Түркістан облысында заңсыз мал тасымалдаған екі жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама түзілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция тобы мал ұрлығының алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Тәртіп сақшылары аталған шаралар барысында мал тасымалдайтын жүк көліктерін тоқтатып, тексереді. Осындай тексеріс кезінде заңсыз мал тасымалдаған екі бірдей жүк көлігі анықталды. Яғни Сарыағаш ауданының маңызды жолдарының бірінде «Газ 53» маркалы көлігін тоқтатты. Оны тексеру барысында Дарбаза ауылынан мал базарға қарай заңсыз және құжатсыз тасымалданған бір бас жылқы анықталды. Сонымен қатар алты бас сиырды заңсыз тасымалдаған «ГАЗель» маркалы жүк көлігі белгілі болды. Сондай-ақ оларға қатысты ӘҚБтК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама түзілді.
Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ малдарды сату не болмаса тасымалдау үшін, ветеринария қызметкерлерінен тиесілі анықтаманы алу қажеттілігін ескетеді.