Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында көршісінің үйін тонап кеткен әйел ұсталды

Қарағанды ​​облысында көршісінің үйін тонап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда 31 жастағы ауыл тұрғыны Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу жеке үйге кіріп, төсек-орын мен ыдыстарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады. Ұрлық жәбірленуші үйде жоқ кезде болған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 46 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ұсталған әйел арыз берушінің көршісі болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру