Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған кезекті мас жүргізуші ұсталды
Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған кезекті мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазан сағат 01:40-та Жаңақорған ауданы Жайылма ауданын тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.
Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, сот шешімімен 2021 жылдың тамыз айында ол 7 айға көлік басқару құқығынан айырылған болатын. Алайда бұған қарамастан жүргізуші мас күйінде қайта көлік тізгіндеген.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті – 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.